Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 79-ыншы, осы жарыстың 2-ракеткасы, испаниялық Бернабе Сапата Миральеспен күш сынасты.
ERNUR.KZ. Қазақстандық, әлемнің 250-ракеткасы Тимофей Скатов Севилья (Испания) челленджер турнирінің финалына шыға алмады, деп жазады inform.kz.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 79-ыншы, осы жарыстың 2-ракеткасы, испаниялық Бернабе Сапата Миральеспен күш сынасты.
Ойын испаниялық спортшының басымдылығымен өтіп, Миральес 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ол бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 1 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ.
Т.Скатов эйс те, брейк те жасай алмады.
Миральес финалда отандасы, әлемдік рейтингте өзінен бір саты төмен тұрған Роберто Карбальес Баэнамен бас жүлдені сарапқа салады. Олардың екеуі де АҚШ ашық чемпионатында бақ сынаған болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннисші Тимофей Скатовтың Испаниядағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.