Қазақстандық ЖОО-дары "киберқауіпсіздік» бағыты бойынша маман даярлауды бастады

0
1 408

Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында білім министрі Ерлан Сағадиев баяндады, -деп хабарлайды ERNUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстандық ЖОО-дары

Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында білім министрі Ерлан Сағадиев баяндады, -деп хабарлайды ERNUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда IT мамандығы бойынша Қазақстандық 84 ЖОО 33 мың студент және 300 колледжде 24 мың студент оқиды. Жыл сайын ЖОО-дарын 10 мың студент және колледжді 8 мың студент бітіреді.

«Біз жоғары білім беруде ІT-мамандықтарға грантты жыл сайын көбейтіп жатырмыз. Биыл Елбасының тапсырмасы бойынша, 20 мың қосымша грант бөлінеді, оның ішінде 11 мың грант техникалық мамандық-тарға бөлінді, соның ішінде IT студенттер да бар.

Бірақ бізге ІТ маман-дардың білім сапасын арттыру мәселесі маңызды. Бізге санынан гөрі сапасы қажет. Сол үшін осы мамандықтар бойынша дайындайтын университет-тердің рейтингін IT ассоциация-ларымен, «Атамекен» палатасымен бірге жасадық. Бірінші рейтинг дайын, оған 30 IT беретін вуз кірді», деді министр.

Рейтинг бірнеше критерий бойынша жүргізілген.

«Бірінші – ол бітіруші студент-тің ЗТМО бойынша жалақысы, жане жұмыска шыкты ма, жок па.

Екінші – «Атамекен» палатасы 200 IT компания және IT мамандығы бар iрi компаниядан, және 4,000 бітіруші-лердің білім сапасы туралы анкета жүргізді.

Үшінші–университет-тердін оку программа-ларын карастырып баға берген.

Алғашкы ІТ рейтингті ректорларға көрсеттік. Ректорлар рейтингті түсініп, қолдап отыр, олардың арасында жақсы бәсекелестік басталып кеттi. Біз енді 40 университет косып, келесі айда, ашык турде, барлық балдарға жеткізіп, жариялаймыз», - деді Ерлан Сағадиев.

Сонымен қатар, IT бағыты мамандар «Болашақ» арқылы да дайындалады.

«Шамамен 1000 студент оқуды бітірді, бұл «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің 10 пайызын құрайды.

Олардың барлығы Ұлыбританияның, Американың, Малайзияның, Канаданың, Сингапурдың және тағы басқа елдердің үздік университет-терінде оқып, oлардың көбі мемлекеттік органдарда, IT компанияларда, университет-терде жұмыс істейді.

Біз студенттерді «Киберқауіпсіздік» бағыты бойынша оқыта бастадық. Бұл – жаңа бағыт. Жыл сайын гранттарды көбейтетін боламыз»-деген ҚР БжҒ министрі:

«Жалпы бүгін біздің алдымызда кадр дайындау бойынша екі міндет тұр. Оның біріншісі – IT мамандығы бойынша кадр дайындау болса, екіншісі, біздің ойымызша, басқа мамандық-тарда оқитын студенттердің IT сауат-тылығын көтеру.

Бұл бағыт бойынша өткен жылдан бастап республиканың бүкіл университет-терінде барлық мамандық-тардың студенттері 3 кредит көлемінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқи бастады.

Сонымен, биылғы жылдан бастап, бізге қажет болатын жаңа мамандықтар бойынша біздің университеттер кадр дайындауды бастайды. Мысалы, IT-генетик, IT-медик, сетевой юрист, агроинформатик және тағы да басқалар»-деп түйіндеді Сағадиев.