Қазақстандықтар 212 мың адамға көбейді

0
528

Қала халқы 12169,1 мың (61,7%), ауыл халқы 7546,1 мың (38,3%) адам болды.


Қазақстандықтар 212 мың адамға көбейді

ERNUR.KZ. 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 715 200 адам болды. Мұндай мәліметтерді Ұлттық статистика бюросы келтірді, деп жазады zakon.kz.

Қала халқы 12169,1 мың (61,7%), ауыл халқы 7546,1 мың (38,3%) адам болды.

"2022 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 212 мың адамға немесе 1,1% өсті", - делінген хабарламада.

2022 жылғы қаңтар-қазанда республика халқының табиғи өсімі өткен жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда (222,3 мың адам) 0,6% төмендеп, 221 мың адам болған. 1 мың халыққа шаққандағы табиғи өсімнің жалпы қарқыны 13,51 адамға жетті.

АХАЖ мәліметтері бойынша 2022 жылғы қаңтар-қазанда 333,1 мың адам дүниеге келген, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (375,9 мың адам) 11,4% аз. 1000 адамға шаққандағы туудың жалпы коэффициенті - 20,37.

Қарастырылып отырған кезеңде 112,1 мың адам қайтыс болды. Бұл 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда (153,6 мың адам) 27% аз. Жалпы өлім көрсеткіші 1 мың адамға шаққанда 6,86 өлімге тең.

2022 жылғы қаңтар-қазанда республикада бір жасқа дейінгі 2684 қайтыс болған нәресте тіркелді. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (3020 қайтыс болған нәресте) 11,1% аз. Нәресте өлімінің көрсеткіші 1000 туылғанға шаққанда 8,06 жағдай болды.

Қазақстан халқының саны 2022 жылғы 1 тамыздағы санақты есепке алғанда - 19 644 067 адам.

2022 жылдың 15 қарашасында жер бетіндегі халық саны 8 миллиард адамға жеткені белгілі болды.