Банктердің дерегі бойынша, тұтынушылық қарыздарға сұраныстың артуы – халықтың тұтынушылық қажеттілігінің өсуіне байланысты ұзақ пайдаланылатын тауарларға деген шығыстардың ұлғаюымен түсіндіріледі.
ERNUR.KZ. Ұлттық банктің хабарлауынша, 2022 жылдың ІІ тоқсанында бөлшек қарыздарға сұраныс ипотекалық қарыз сегментінде азайған. Ал тұтынушылық қарыздарға сұраныс ұлғайған, деп жазады Ulysmedia.kz.
«Банктер ипотекалық қарыздарға сұраныстың төмендеуін – жеңілдікпен берілетін кредиттерге деген қолжетімділіктің қысқаруымен, сондай-ақ, халықтың негізгі сұранысы өткен тоқсанда 2022 жылғы 1 сәуірден бастап тұрғын үй сатып алу және/немесе жағдайын жақсарту мақсатында зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша жеткіліктілік шегін арттыруға дейін өткен тоқсанда халықтың негізгі сұранысының іске асырылғанымен байланыстырады. Келіп түскен өтінімдер санында жеке банкте сандық өнімді іске қосумен, сондай-ақ басқа банкте маусымдық фактормен байланысты 135 мыңнан 258 мыңға дейін өскені байқалды. Десе де, бұл факторлар ипотекалық кредит беру нарығындағы сұраныс индексінің төмендеу үрдісінің өзгеруіне ықпал ете алмады», - деп хабарлайды Ұлттық банктен.
Банктердің дерегі бойынша, тұтынушылық қарыздарға сұраныстың артуы – халықтың тұтынушылық қажеттілігінің өсуіне байланысты ұзақ пайдаланылатын тауарларға деген шығыстардың ұлғаюымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, банктер кепілмен қамтамасыз етілген тұтынушылық қарыздар бойынша кепіл мүлікке қойылатын талаптар бөлігінде кредит беру талаптарын жеңілдеткен. Сондай-ақ кепілсіз қарыздар бойынша кредиттің лимиті мен өтеу мерзімін ұлғайтқан. Одан бөлек сұраныстың артуына клиенттердің ресейлік банктерден көшу легі де әсер еткен. Мәселен, есепті тоқсанда тұтынушылық қарыз алуға түскен өтінімдер саны, тиісінше, кепілді және кепілсіз қарыздар бойынша 27,8%-ға және 4,3%-ға көбейген.
«Автокредит алуға сұраныстың өсуіне жеңілдікпен берілетін кредиттеу бағдарламасының қосылуы себеп болды. Дегенмен, банктер салондағы автокөліктердің жетіспеушілігі өтінім беру және қарау процесін қиындататынын айтады. Банктер санының қысқаруы да кредит алуға берген өтінімдер санының төмендеуіне әсер етіп, олар 4,4%-ға азая келе 393 мың өтінімді құрады», - делінген хабарламада.