ERNUR.KZ Қытайдың жоғары оқу орындарына құжат қабылдау басталды. Қазақстан студенттері үшін 44 грант бөлінді, деп хабарлайды "Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығы, деп жазады sputnik.kz.
Қазақстан мен Қытай арасындағы 2003 жылғы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қытай үкіметі 2025-2026 оқу жылына мемлекеттік стипендия бойынша оқуға 35 грант және Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде 9 білім грантын келесі бағдарламалар бойынша ұсынады:
бакалавриат;
магистратура;
докторантура.
Грантқа түскен студенттер мына мүмкіндіктерге ие болады:
бакалавриат бағдарламасы бойынша ай сайынғы стипендия – 2,500 CNY (шамамен 181 мың теңге) , магистратурада – 3,000 CNY (шамамен 217 мың теңге), докторантурада – 3,500 CNY (шамамен 253 мың теңге);
медициналық сақтандырылады,
жатақханада тұрады.