Қазақстандықтар орыс тілінен әлем чемпионатында бақ сынайды

0
217

Чемпионатты Ресейдің білім және ғылым министрлігінің қолдауымен "Интеробразование" федералды мемлекеттік бюджеттік мекеме ұйымдастырады.


Қазақстандықтар орыс тілінен әлем чемпионатында бақ сынайды

фото: Sputnik / Андрей Иглов

ERNUR.KZ. Ресейдің Қазақстандағы елшілігі шетелдіктер үшін орыс тілінен әлем чемпионатына тіркелудің ашылғанын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

Чемпионатты Ресейдің білім және ғылым министрлігінің қолдауымен "Интеробразование" федералды мемлекеттік бюджеттік мекеме ұйымдастырады.
"Чемпионатқа шетелдік азаматтар тұрғылықты еліне қарамастан қатыса алады. Ол үшін 16 мен 22 жас аралығындағы 5 адамнан тұратын шет тілі ретінде орыс тілін меңгеру деңгейі A2-ден төмен емес команда жинау қажет", - деп хабарлады елшілік.
Барлық команда географиялық принцип бойынша бөлімдерге бөлінеді. Үздіктер қатарына кіру үшін қатысушылар өз аймағындағы біріншілігін дәлелдеуі керек.
Онлайн кезең (қазан-қараша) – біліктілік кезеңі, онда командаға қатысушылардың әрқайсысы орыс тілін шет тілі ретінде меңгеру деңгейін растауы керек.
Финал желтоқсан айында Мәскеуде болады. Үздік 10 команда әлем чемпионы атағы үшін финалда бақ сынауға Ресей астанасына барады. Ұшу және тұру — ұйымдастырушылардың есебінен.
"Әр командаға 21 жастан асқан оқытушы немесе тәлімгер еріп жүруі керек. Жарыс басталар алдында жаттықтырушылар үшін арнайы шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. Онда олар командамен жұмыс және оқытудың интерактивті әдістері саласындағы білімдерін кеңейте алады, сондай-ақ орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың заманауи үрдістерімен таныса алады", - деп түсіндірді елшілік.
Тіркеу сайтта 15 қыркүйекке дейін ашық.
2024 жылы Қазақстан командасы чемпионатта бірінші орынды иеленді. Қостанайдан келген балалар жарыстың бас кубогын және "шетелдіктер арасында орыс тілінен әлем чемпиондары" атағын алды.
Чемпионаттың екінші және үшінші орындарын да Қазақстаннан командалар алды. Астанадан "Лира" командасы күміс жүлдегер атанды, Алматыдан "Аз, буки, веди" командасы қола жүлдеге ие болды.