Шетелде вакцина салғызған қазақстандықтардың арнайы құжаты болу қажет.
ERNUR.KZ. ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова қазақстандықтар шетелде вакцина салдыра алатынын айтты, деп жазады Stan.kz.
Шетелде вакцина салғызған қазақстандықтардың арнайы құжаты болса, екінші рет вакцина салдыруға міндеттелмейді.
"Егер елімізде жұмыс істейтін Қазақстан азаматы шетелде вакцинацияланған болса, вакцинация паспортын ұсынуы керек. Шетелде вакцина алған болса, екінші рет екпе салдырудың қажеті жоқ. Бірақ оның вакцинаның барлық дозасын салдырғаны туралы құжаты болуы керек", – дейді Айжан Есмағамбетова.