Қазақстандықтарға қалды тегін тексерту ұсынылды

0
1 064

Ашық есік күні еліміздің барлық қалаларында өтеді. Қабылдау сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін жалғасады.


Қазақстандықтарға қалды тегін тексерту ұсынылды

ERNUR.KZ. Республика тұрғындарын меланома мен тері обыры бойынша тексеруге шақырды. ҚР ДСМ ҚазҒЗИ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 жылдың 25 мамырында сенбі күні Қазақстанның барлық онкодиспансерлері мен онкоорталықтарындағы тексеруден тегін өтуге болады, деп жазады elitar.kz.

Республика тұрғындарын меланома мен тері обыры бойынша тексеруге шақырды. ҚР ДСМ ҚазҒЗИ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 жылдың 25 мамырында сенбі күні Қазақстанның барлық онкодиспансерлері мен онкоорталықтарындағы тексеруден тегін өтуге болады.

Ашық есік күні еліміздің барлық қалаларында өтеді. Қабылдау сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін жалғасады.

Дәрігерлер онкологтарға мына жағдайларда қаралуға кеңес береді, егер: терідегі дақ, түйіндер немесе жылтыр түйін пайда болса; дақ немесе түйнек өсе бастап және пішіні өзгерсе; дақ немесе түйіннің түсі өзгере бастаса; қалдың, сүйелдің шеті тегіс болмаса, қышыса; сүйел қанаса және суланса.

Қазақстанның қалалары мен аймақтарындағы мемлекеттік онкодиспансерлер мен онкологиялық орталықтардың мекенжайлары: 1) ҚР ДСМ Қазақ онкология және радиология ҒЗИ, Алматы, Абай даңғылы 91; 2) Алматы: Алматы Онкологиялық орталығы, Папанин көшесі, 220; 3) Алматы өңірлік онкологиялық орталығы, Алматы, Демченко көшесі, 83; 4) Нұр-Сұлтан: қалалық онкологиялық орталық, Манас көшесі, 17; 5) Көкшетау, облыстық онкодиспансер, Ақан-сері көшесі, 1/б; 6) Ақтөбе, облыстық онкодиспансер, Жаңақоныс шағын ауданы, 8; 7)) Талдықорған, Облыстық онкодиспансер, Абай көшесі, 316; 8) Атырау, облыстық онкодиспансер, Владимирский көшесі, 2; 9) Өскемен, облыстық онкодиспансер, Серікбаев көшесі, 1; 10) Семей, ядролық медицина және онкология орталығы, Құтжанов көшесі, 3; 11) Тараз, облыстық онкодиспансер, Әзірбаев көшесі, 156; 12) Орал, облыстық онкодиспансер, Алматы көшесі, 58; 13) Қарағанды, облыстық онкодиспансер, Кривогуз көшесі, 189; 14) Қызылорда, облыстық онкодиспансер, Абай даңғылы, 65; 15) Қостанай, облыстық онкодиспансер, Көбеев көшесі, 2; 16) Ақтау, облыстық онкодиспансер, Алматы көшесі, онкодиспансер, 26-шағын аудан, 71/6; 17) Павлодар, облыстық онкодиспансер, Мир көшесі, 41; 18) Петропавл, облыстық онкодиспансер, Әуезов көшесі, 133; 19) Түркістан облысы, Облыстық онкологиялық диспансер, Шымкент, Құрманбеков көшесі, 2; 20) Шымкент, қалалық онкологиялық орталық, Байтұрсынов көшесі, 85а.