Спутниктік байланыс пен интернет қашан болатыны нақтыланбады.
ERNUR.KZ. Пойызбен сапарлау қазақстандықтар үшін байланыссыз қалу деген сөз. Өйткені жолдардың көп бөлігінде ұялы байланыс антеналары сөніп, ал 4G туралы тек армандауға болады. "Қазақстан темір жолы" интернет мәселесімен айналыспақ, деп жазады tengritravel.kz.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ мәліметінше, таяуда жолаушыларға барлық темір жол бағытында, тіпті алыс аймақтарда да интернет қолжетімді болады. Қазақстанның темір жолында спутниктік OneWeb терминалы іске қосылады.
Спутниктік байланыс пен интернет қашан болатыны нақтыланбады.
OneWeb LLC - Грег Уайлер негізін қалаған телекоммуникациялық компания. Компания жүздеген миллион әлеуетті пайдаланушыларды интернет жоқ жерде кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету мақсатында құрылған.