Қазақстанға атом станциясы қажет - Тоқаев

0
694

Шығыс экономикалық форумы 2-4 қыркүйекте Владивостоктағы Қиыр Шығыс федерал университетінің кампусында өтеді.


Қазақстанға атом станциясы қажет - Тоқаев

ERNUR.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикаға АЭС қажет екенін айтты. Президент бұл мәселені жан-жақты қарау керек деп санайды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Мен Қазақстан халқына жолдауымда Қазақстанда атом энергетикасын құру мүмкіндігін жан-жақты зерделеу міндетін қойдым. Мемлекеттің, халық пен бизнестің өзекті қажеттіліктерін тиісті шамада ескеру маңызды. Мен бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастыратын кез келді деп санаймын, өйткені Қазақстанға атом станциясы қажет", - деді Тоқаев Шығыс экономикалық форум - 2021-де онлайн режимде сөйлеген сөзінде.

Шығыс экономикалық форумы 2-4 қыркүйекте Владивостоктағы Қиыр Шығыс федерал университетінің кампусында өтеді.