Қазақстанға келгендерден кеткендер көп

0
1 683

ERNUR.KZ. 2017 жылы Қазақстанға келгендер мен кеткендердің айырмасы 16 081 адамды құраған. Статистика комитеті келтірген дерек бойынша бұл көрсеткіш елден кеткендер санына қарай ауытқып тұр.


Қазақстанға келгендерден кеткендер көп

ERNUR.KZ. 2017 жылы Қазақстанға келгендер мен кеткендердің айырмасы 16 081 адамды құраған. Статистика комитеті келтірген дерек бойынша бұл көрсеткіш елден кеткендер санына қарай ауытқып тұр.

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 20,5% көбейіп, 16 081 адам құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 7,8% көбейіп, 37 704 адам құрады, көші-қонның айырымы - 21 623 адам болды.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда.

ТМД елдерінен келгендердің үлесі 72,1%;
ТМД елдерге кеткендердің үлесі 89,4% құрады.

Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 35,4% кұрады. Ел ішінде көшкендердің басым бөлігі Астана қаласына (36 449 адам) тұрақтаған. Екінші орында Алматы қаласы – 31 775 тұрғынға көбейген. Ақмола облысына Қазақстанның өзге аймақтарынан 1 544 адам көшіп барған.