"Сырым" ветеринариялық бақылау бекетінде көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Фото: perevozka24.com
ERNUR.KZ. Ресей Федерациясының Самара облысынан Қызылорда облысына бет алған жүк көлігі міндетті тексеру үшін тоқтатылған, деп жазады inbusiness.kz.
Жіті тексеру кезінде жүкте құжаттары талапқа сай келмейтін 20 тонна құс еті бар екені анықталды. Аталған өнімді шығарған кәсіпорын ЕАЭО Реестріне кіретін және Қазақстан аумағына жануарлардан алынатын өнімді экспорттауға рұқсат берілген ұйымдар тізімінде жоқ болып шықты.
Ветеринариялық-санитариялық талаптардың бұзылуына байланысты жүк көлігі өнім жөнелтілген Ресейге кері қайтарылды.
Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысы аумағында ветеринариялық заңнаманы бұзудың 204 фактісі анықталды.
Тексерістер нәтижесінде 204 көлік кері қайтарылып, 130 әкімшілік хаттама рәсімделді. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 11 млн теңгеден асады.


