Қазақстанға Украинадан балалар келді

0
159

3 маусымда Қазақстанға Украинадан балалар тобы демалу және оңалту үшін келген.


Қазақстанға Украинадан балалар келді

Фото: baldauren.kz

ERNUR.KZ. Украинадан Қазақстанға балалар келді, деп жазады tengrinews.kz.

"3 маусымда Қазақстанға Украинадан балалар тобы демалу және оңалту үшін келді. Кішкене қонақтарымыздың Қазақстан туралы танымын кеңейту мақсатында оларға "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне экскурсия ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Астанаға көрікті жерлерді аралау бойынша экскурсиялық сапар жоспарланған", – делінген ұйымның баспасөз хабарламасында.

Орталық мәліметінше, жұмыс істеген жылдар ішінде бұл жерде әлемнің 15 елінен келген балалар демалып, тыныққан. Соңғы үш жылда "Балдауренде" ТМД елдерінен, Қытай, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия және басқа да мемлекеттерден 700-ден астам бала болған.