Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Джо Байденмен кездесті

0
982

Тараптар Қазақстан экономикасына санкция салдарын азайту бойынша ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде келісті.


Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Джо Байденмен кездесті

ERNUR.KZ. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі америкалық тараппен жоғары деңгейде екі кездесу өткенін хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

2022 жылдың 4 сәуірінде Ақ үйдегі хаттамалық іс-шара кезінде Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ президенті Джо Байденмен қысқа кездесу өткізді. Елші Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ізгі тілек жеткізіп, Қазақстан Республикасының АҚШ-пен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті ілгерілетуге ниетті екенін атап өтті.
Өз кезегінде америкалық көшбасшы екі елдің екіжақты және өңірлік мәселелер бойынша сындарлы серіктестігінің жалғасуын қолдайтынын білдірді.
Сондай-ақ Қазақстан сыртқы істер министрлігі мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Қазақстанның банк секторының өкілдері мен кәсіпкерлер, сондай-ақ Қазақстанда филиалы бар шетелік компаниялар үшін санкциялық мәселелер жөнінде кезекті Қазақстан-Америка онлайн-консультацияларын өткізді.
Іс-шараның мақсаты АҚШ санкцияларының қазақстандық бизнес пен екінші деңгейлі банктердің қызметіне ықпалын, сондай-ақ сыртқы саудаға кері әсерін азайтуға бағытталған.
Америкалық дипломаттар АҚШ санкциялары, санкциялар режимінде бизнес және серіктестермен транзакция жүргізу ерекшеліктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тараптар Қазақстан экономикасына санкция салдарын азайту бойынша ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде келісті.