6 өңір "сары" аймақта тұр.
Денсаулық сақтау министрлігі 9 наурыздағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
9 наурыздағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола және Павлодар облыстары "сары" аймақта тұр.
Ал қалған өңірлер - "жасыл" аймақта.
"Қызыл" аймақта ешбір облыс жоқ.


