Қазақстанның бір облысында блок бекеттер қойылады

0
758

​Жаңа шектеу шараларына қарамастан, кәсіпорындар, банктер және халыққа қызмет көрсету орталықтары сол күйі жұмысын жалғастырады.


Қазақстанның бір облысында блок бекеттер қойылады

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандардың күрт өсуіне байланысты қарашадан бастап блок бекеттер қойылып, шектеу шаралары енгізіледі, деп жазады Sputnik Қазақстан.

COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ШҚО тауарлар және қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаевтың үндеуін жариялады.

"Құрметті Шығыс Қазақстан тұрғындары, өздеріңіз білетіндей, бір тәулік ішінде өңірде коронавирус жұқтырған 139 науқас тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш жалпы республикалық деңгейден асып, 683,6 құрап отыр", - деді ол.

Айтуынша, облыста эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің карантин шараларын сақтамауы, сондай-ақ, шектес мемлекеттермен жалғасатын жолаушылар және жүк ағыны себеп болып отыр.

"Осыған байланысты үкіметтің келісімімен 1 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларында блок бекеттерді енгізе отырып, шаруашылық және өзге де қызмет пен халық үшін шектеу шаралары енгізіледі", - деді Тұңғышбаев.

Ол өңір басшылығы Өскемен қаласы мен облыс халқының қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараны қабылдайтынын жеткізді.

Кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Тұңғышбаев бизнесті карантиндік шаралардың салдарынан барынша қорғауға уәде берді.

Жаңа қаулы жуырда жарияланады.