Қазақстанның қай университеттерін бітірген түлектер ең жоғары жалақы алатыны белгілі болды

0
1 523

Рейтингті құрастырушылар түлектердің оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы алатын орташа жалақысын да зерттеді.


Қазақстанның қай университеттерін бітірген түлектер ең жоғары жалақы алатыны белгілі болды

ERNUR.KZ. Қазақстанда жоғары оқу орындарын бітірген түлектердің орташа жалақысына зерттеу жүргізіп, соның негізінде университеттердің рейтингі құрастырылды, деп жазады Stan.kz.

Бұл рейтингті білім министрлігінің бұйрығымен "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жасаған. Зерттеу негізіне еңбекақыдан басқа, жұмыспен қамту деңгейі, оқыту сапасы, білім беру бағдарламаларының өзектілігі және т.б. көптеген критерийлерді назарға алған. Зерттеу жұмыстарына 150 жоғары білім ордаларының деректерін алған.

Деректер университет анықтамаларынан емес, ай сайынғы зейнетақы жарналары негізінен (2020 жылдың тамызынан 2021 жылдың шілдесіне дейін) алынады.

"Зерттеу жұмыстарына әртүрлі ақпараттар келіп түсуде. Сондықтан бұл деректер "таза", оған сенуге болады", - деп мәлімдеді брифингте ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

Белгілі болғандай, оқу кезеңінде түлектердің 70 пайызы ғана (36 903 адам) тұрақты түрде зейнетақы қорына ақша аударған.

Рейтингті құрастырушылар түлектердің оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы алатын орташа жалақысын да зерттеді.

Орташа жалақы қалай есептеледі?

Зерттеу жүргізілетін жалақылардың барлық мәндері өсу ретімен қатарға орналастырылған. Қатар екіге бөлінеді. Ортадағы жалақының мәні орташа жалақы болып табылады.

Ең жоғары жалақыға қай университет түлектері ие?

Мына оқу орындарын бітірген түлектер бірінші жылы жоғары жалақы алады:

1.Қазақ-Британ техникалық университеті – 245 784 теңге;42.

2.Қазақ ұлттық өнер университетіне – 202 438 теңге;

3.Қазақстан-Неміс университеті – 196 250 теңге;

4.Қаржы академиясы – 196 045 теңге;

5.КИМЭП университеті – 187 847 теңге.

Ең төмен жалақы алатындар

Төмендегі жоғары оқу орындарын бітірген түлектер алғашқы жылда ең төмен жалақы алады:

1. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті – 77 148 теңге;

2.Шымкент университеті – 76 488 теңге;

3.Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті - 76 115 теңге;

4."Сырдария" университеті – 75 861 теңге;

5.Орталық Азия инновациялық университеті – 74 234 теңге.

Жоғары орташа жалақыны келесі білім беру бағдарламаларының түлектері алды:

1.Жалпы медицина – 243 344 теңге;

2. Орыс тілінен бөлек тілде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті – 212 374 теңге;

3. Пайдалы қазбаларды байыту – 194 034 теңге;

4. Орыс тілі мен әдебиеті – 192 845 теңге;

5. Математика (білім) – 181 201 теңге.

Ең аз орташа жалақы мына білім беру бағдарламаларының түлектері арасында анықталды:

1.Материалтану және жаңа материалдар технологиясы – 72 927 теңге;

2. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы – 70 541 теңге;

3. Аңшылық және аң терісі шаруашылығы – 70 064 теңге;

4. Дизайн – 63 850 тенге;

5. Кедендік жұмыс – 62 909 теңге.

Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы түлектердің орташа жалақысы жөнінде төмендегі диаграммадан көре аласыз.

универ рейтинг