Дүйсенбі, 6 тамыздан бастап, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы «түнгі» үш Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалыпты режімге ауысады.
ERNUR.KZ.Дүйсенбі, 6 тамыздан бастап, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы «түнгі» үш Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалыпты режімге ауысады. Олар енді дүйсенбі мен жұма аралығында таңғы 09.00-ден кешкі 20.00-ге дейін үзіліссіз жұмыс жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.