Қазақстанның қоғамдық тамақтану кәсіпорындары қантпен қамтылады

0
642

​Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына қосымша қант жөнелтіледі


Қазақстанның қоғамдық тамақтану кәсіпорындары қантпен қамтылады

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігінде сауда және интеграция министрлігі, елорда әкімдігі және Қоғамдық тамақтану қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен бизнес субъектілерін қанттың қажетті көлемімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесу өтті, деп жазады sputnik.kz.

Бұған дейін Қоғамдық тамақтану қауымдастығы қантпен қамтамасыз етудегі қиындықтарға байланысты кәсіпорындар банкротқа ұшырауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.
"Талқылау қорытындысы бойынша шағын және орта бизнесті қосымша қолдау және қоғамдық тамақтану объектілерінің индустриялық қант қажеттілігін толық қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды", - деп хабарлайды primeminister.kz.
Бүгін қоғамдық тамақтану объектілеріне қажет қанттың көлемі айқындалады.
Бірінші кезеңде халық саны неғұрлым көп үш өңірге мың тоннадан астам қант жеткізіледі.
"Ауыл шаруашылығы министрлігі қанттың қосымша көлемін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына жөнелтеді. Осы қалалардағы шағын бизнес өкілдері қанттың қажетті көлемін ала алады. Сондай-ақ Қауымдастық басқа қалалар бойынша тізім жасап, қажетті қант көлемін есептейді. Бұл орайда Қауымдастық пен әкімдіктер аталған қантты беру алгоритмін әзірлейді", - деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай.
Жуырда ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев тамыз айында ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін қант қоры жеткілікті екенін мәлімдеді.