Қазақстанның «Сергек» жүйесі Өзбекстан жолдарында тәртіп орнатады

0
626

Намангандағы «Сергек» жұмысы жол-көлік оқиғаларын азайтуға және көлік жүргізу мәдениетін арттыруға бағытталған.


Қазақстанның «Сергек» жүйесі Өзбекстан жолдарында тәртіп орнатады

ERNUR.KZ. «Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігінің интеллектуалды жүйесі Өзбекстан Республикасы Наманган қаласында енгізілді. Бұл - елдегі халық саны бойынша Ташкенттен кейінгі екінші қала, Наманган облысының әкімшілік орталығы, деп жазады ҚазАқпарат.

KazakhExport АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, «Сергек» жүйесі - қазақстандық әзірлеушілердің, software және hardware мамандарын біріктіретін Sergek Group компаниялар тобының өнімі.

Жоба жеке инвестиция есебінен, экспорттың мемлекеттік бағдарламасын субсидиялаумен, атап айтқанда «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ кредит беруі арқылы іске асты, қолдау құралы - экспорттық кредиттерді сақтандыру.

Намангандағы «Сергек» жұмысы жол-көлік оқиғаларын азайтуға және көлік жүргізу мәдениетін арттыруға бағытталған.

Интеллектуалды жүйе Өзбекстан заңнамасы бойынша сертификаттаудан өтті.

25 аппараттық-бағдарламалық кешен қаланың 13 учаскесінде және облыс аудандарында жол қозғалысы ережелерінің бұзушылығын тіркейді.

Қазақстан қалаларындағыдай Наманганда да жүйе жылдамдық режимінің асып кетуін, бағдаршамның тыйым салу сигналына өтуін, жол таңбалау желілерінің бұзушылығын тіркейді.

Бизнес-жоба ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен ҚР Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен басталды.

Қазіргі уақытта «Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйесі Қазақстанның 8 қаласында жұмыс істейді: Астана, Өскемен, Алматы, Атырау, Шымкент, Семей, Тараз және Түркістан.

Сонымен қатар, Sergek Group өнімдерді экспортқа ілгерілету үшін экспорттық стратегияны әзірлеуде.

Жақын арадағы мақсат - Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Африка аймағының нарықтары.

«Сергек» жүйесін орнату жүргізуші тәртібінің жоғарылауына және өлімге әкеп соғатын ЖКО-ның тиісті төмендеуіне әсер етеді.

Жүйенің алғашқы жұмыс істей бастаған жылында Астанада жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар саны 43%-ға - 60-тан 34 апатқа ұшыраушыға дейін қысқарды және кейінгі жылдары да сол деңгейде сақталып келеді.

Алматыда (2019-2022) - 161-ден 96-ға дейін. Шымкентте (2020-2022) - 76-дан 57-ге дейін.

Жүйенің көмегімен қылмыстарды да ашуға болады.