Абай облысының құтқарушылары өңірде төтенше өрт қаупі сақталғандықтан, осындай тыйым енгізді.
ERNUR.KZ. Қазақстанның шығысында жергілікті тұрғындарға орманға баруға тыйым салынды, деп жазады sputnik.kz.
Орманға барған кезде халыққа үзілді-кесілді тыйым салынады:
- орманда тұтанған сіріңке мен темекі тұқылын тастауға;
- жел күшейгенде от жағуға;
- отты қараусыз немесе сөндірілмеген күйі қалдыруға;
- шыны ыдысты қалдыруға, өйткені оған түскен күн сәулесінен құрғақ шөп тұтануы мүмкін;
- орман ішінде, бау-бақшада, ағаш түбінде және жазық далада құрғақ шөп пен қамысты жағуға.
Бұған дейін елдің шығысында "Семей Орманы" резерватынан өрт шыққан болатын. Жалын орманның 280 гектарын шарпыды.