Қытай басшысы мемлекеттік сапардан көп нәрсе күтетінін айтты.
ERNUR.KZ. ШЫҰ-ға төрағалық ету шеңберінде Қазақстан тарапы бүкіл Ұйымның беделін арттыруға көмектескен орасан зор жемісті жұмыс атқарды, деп атап өтті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин "Қытай және Қазақстан: жаңа көкжиектерге ортақ ұмтылыс" мақаласында. Қытай басшысы мемлекеттік сапардан көп нәрсе күтетінін айтты, деп жазады sputnik.kz.
"Мемлекеттік сапардан бөлек, мен Астанада өтетін ШЫҰ саммитіне қатысамын. Оның төрағалығы аясында Қазақстан тарапы біздің Ұйымның беделін арттыруға көмектескен көптеген жемісті жұмыстарды атқарды. Бұл бірлескен күш-жігермен Астана саммиті оң нәтижемен аяқталып, ШЫҰ-ның үлкен отбасын біріктіріп, ынтымақтастықтың жаңа бетін ашатынына сенімдімін", - деп атап өтті ол.
Қытай басшысы мемлекеттер қазір бұрын-соңды болмаған қауіп-қатерлер мен сынақтарға тап болып отырғанын, "бірақ бұл жаңа мүмкіндіктер туғызатынын" айтты.
"Қытайда дағдарыс пен мүмкіндік бір-бірімен байланысты, өйткені дағдарыстың артында мүмкіндік жатыр, ал дағдарыс сәттерін мүмкіндіктерге айналдыруға болады деп айтады", - дейді Си Цзиньпин.
Ол Қытайдың "қазақстандық тараппен бірге дағдарыс кезінде жаңа мүмкіндіктер жасауға және өзгерістер кезінде жаңа келешектерге ұмтылуға" дайын екеніне сендірді.
Қытай Халық Республикасының төрағасы бүкіл әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде қытай-қазақ үлесін арттыруға шақырды.