Ұлттық банк 2025 жылы еліміздің сыртқы берешегі 164 миллиард доллардан асқанын мәлімдеді.
ERNUR.KZ. Қазақстанның Нидерланды мен Ресей алдындағы қарызы көбейді, деп жазады Stan.kz.
Ұлттық банк 2025 жылы еліміздің сыртқы берешегі 164 миллиард доллардан асқанын мәлімдеді. Соңғы 5 жылдың өзінде басқа мемлекеттерден алған ақшамыз 8 миллиард долларға жуықтайды. Қазақстанның әсіресе Нидерландыға қарызы көп.
Десе де соңғы жылдары берешек мөлшері 42 миллиард долларға азайған. Қазақстан:
- Ресейге – 13 миллиард доллар;
- Ұлыбританияға – 13 миллиард доллар;
- АҚШ-қа – 12 миллиард доллар;
- Қытайға – 9 миллиард доллардан астам ақша қарыз.
Берешектің басым бөлігін резидент еместерден тартылған несиелер мен қарыздар тұрады.
Айта кетейік, Ұлттық банк мәліметтеріне снесек, 2023 жылғы 1 қаңтарда сыртқы қарыздың көлемі 161 миллиард 163 миллион доллар болса, 2024 жылдың 1 қаңтарына қарай қарыз 163 миллиард 551 миллион доллар болған.