Ұлттық банк осыған қатысты хабарлама таратты.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Қазақстан Ұлттық банкі 2024 жылы сұраныстан тыс қалған ескі үлгідегі қолма-қол АҚШ долларларын кейін шетелге шығару үшін екінші деңгейлі банктерден (бұдан әрі – ЕДБ) сатып алу туралы шешім қабылдады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Белгілі болғандай, шетелдік контрсеріктестердің нарықтық бағамы негізінде комиссиялық сыйақы белгіленді. Өткен жылдың соңында ҚҰБ 48 млн АҚШ доллары сомасына ЕДБ-дан қабылданған сұраныста жоқ қолма-қол АҚШ долларларын шығарды.
«Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Ұлттық банк тікелей АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесімен ескі үлгідегі қолма-қол АҚШ долларларын қабылдау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді. Бұл өз кезегінде тасымалдау, сақтандыру секілді басқа да потенциалды шығындарды азайтуға мүмкіндік берді. Осылайша аталған операциялар бойынша комиссиялық сыйақы 0,3%-ға дейін төмендетілді.
Сұраныста жоқ жиналып қалған қолма-қол АҚШ долларларының мәселесін шешу үшін ҚҰБ бұл операцияларды ЕДБ-ның тиісті сұрау салуына сәйкес уақытша шара түрінде жүргізеді», - делінген хабарламада.