Зауыт жұмысшысы 19 метр биіктіктен құлап қайтыс болды.
ERNUR.KZ. 7 шілде күні Тараздағы зауытта 42 жастағы ер адам 19 метр биіктіктен құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп жазды inbusiness.kz.
Еске сала кетсек, "Қазфосфатта" маусым айының басында да осындай жағдай орын алған еді. Оның басына кірпіш құлап кеткен. Оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия анықтап жатыр. Ал шілде айының басында екі адам ұсақтау цехын жөндеу кезінде қайтыс болды. Тағы үш жұмысшы жарақат алды.
Ал бұл жолы қайтыс болған жұмысшы мердігер ұйымның өкілі болған. 1980 жылы туған ер адам 19 метр биіктіктен құлап кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды. Бұл ақпаратты Жамбыл облысының полиция департаменті растады.