“Қазгеология” АҚ 100% акциялары мемлекет меншігінде.
ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша "Қазгеология" Ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп жазады inbusiness.kz.
Мекеме басшылығы Жарғыны бұза отырып, директорлар Кеңесінің тиісті шешімінсіз Басқарма мүшелеріне (Басқарма Төрағасы, Төрағаның 3 орынбасары, бас геолог) 2017-2019 жылдар кезеңінде жалақыны, бонустарды және материалдық көмекті 169 млн. теңгеден астам сомаға артық төлеуге әкеп соқтырған лауазымдық жалақының мөлшерін 2 есе ұлғайтты деп күдіктенеді.
Тергеу жалғасуда.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Еске салайық, “Қазгеология” АҚ 100% акциялары мемлекет меншігінде.