ҚазҰУ-дағы жасөспірімнің өлімі: субұрқақтың орнына гүлзар орнатылады

0
196

19 маусымда Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағында жас жігіт көз жұмған.


ҚазҰУ-дағы жасөспірімнің өлімі: субұрқақтың орнына гүлзар орнатылады

ҚазҰУ

ERNUR.KZ. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағындағы субұрқақ сүріліп, оның орнына гүлзар орнату шешімі қабылданды. Субұрқақта биыл жазда 17 жастағы бала қайтыс болған, деп жазады ulysmedia.kz.

ЖОО НЕ ДЕЙДІ

– ҚазҰУ жобасын іске асыру аясында орталық алаңдағы қолданыстағы субұрқақтың орнында гүлзар салу көзделген, – деп хабарлады ҚазҰУ.

ЖАСӨСПІРІМНІҢ ӨЛІМІ

19 маусымда Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағында жас жігіт көз жұмған.

Куәгерлердің айтуынша, марқұм күннің ыстығынан субұрқаққа түсіп, сол жерде жүрегі тоқтап қалған. 24 шілдеде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жасөспірімнің өлімінің нақты себебін қосымша сараптамалар анықтайтынын айтқан.

ЖАППАЙ ТӨБЕЛЕС

Бұған дейін ҚазҰУ студенттері арасында жаппай төбелес болған.

Алматы қалалық Полиция департаменті бұзақылық жасағандардың барлығы қамауға алынғанын мәлімдеді.

Бостандық аудандық полиция басқармасы 20 адамға қатысты қылмыстық іс қозғады. Қақтығысқа қатысушылардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, - делінген хабарламада.

Оқиға 24 қыркүйек күні таңғы 3-ке таман болған. Попов пен Бальзак көшелерінің қиылысында тараптар жанжалдасып, арты төбелеске ұласқан. Жанжалдасушылар арасында ҚазҰУ-дың студенттерінен бөлек, өзге де жастар болғаны хабарланды.