Келер жылы педагогтерге қатысты өте қажет әдістеме қолданысқа енеді

0
356

Мұны Сенат депутаттарының сауалына үн қатқан Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.


Келер жылы педагогтерге қатысты өте қажет әдістеме қолданысқа енеді

фото: informburo.kz

ERNUR.KZ. Үкімет басшысынң сөзінше, бір жылдан соң педагог кадрлар қажеттігін болжау әдістемесі қолданысқа енгізілмек, деп жазады inbusiness.kz.

Үкімет басшысы мұндай қадам өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып жасалатынын, Еңбек ресурстарын болжау ұлттық жүйесі аясында жүзеге асырылатынын жеткізді.

– Қазір Оқу-ағарту министрлігі Ғылым және жоғары білім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерімен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, педагог кадрлар қажеттілігін болжау әдістемесі жобасын әзірлеп жатыр. Бұл әдістеме білім беру жүйесін оқушыларға сапалы білім мен тәлім-тәрбие беру міндетін орындауға қажетті педагог кадрлармен қамтамасыз ету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Аталған әдістемені 2026 жылы қолдану жоспарланып отыр, – деді Олжас Бектенов.