“Кете берсін, басқасын табамыз“ - Бектенов мердігерлер туралы

0
60

​Бектеновтың айтуынша, кейбір мемлекеттік жобаларды алған мердігерлер үнемі қымбаттауға шағымданып хат жазады.


“Кете берсін, басқасын табамыз“ - Бектенов мердігерлер туралы

Фото:t.me/KZgovernment

ERNUR.KZ. Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында мемлекеттік жобалардың құнын қатаң бақылауды және олардың қымбаттауына жол бермеуді тапсырды, деп жазады tengrinews.kz.

Бектеновтың айтуынша, кейбір мемлекеттік жобаларды алған мердігерлер үнемі қымбаттауға шағымданып хат жазады.

"Мердігерлер бар, жұмыс істеп жатыр – сол бар смета шегінде жұмыс істесін. Бұл барлық әкімшілерге қатысты. Жобаның құны өсіп кетті деп, тағы 30-40 пайыз сұрап келуді, хат жазуды тоқтатыңыздар. Ешқандай қымбаттау болмайды. Жұмыс істегісі келе ме? Жоқ болса, кете берсін, басқасын табамыз. Мұнда қатаң ұстаным болу керек", – деді ол.