Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясы 23-24 қыркүйек күндері Астана қаласында өтеді.
ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
"Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясы 2026 жылғы 23-24 қыркүйек күндері Астана қаласында өтеді", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қазақстан Халық кеңесінің құрамын бекітетін жарлыққа қол қойған болатын.


