Азаматтар тұрғын үй бағдарламасына қатысты қызметтерді пайдалана алмайды.
ERNUR.KZ. 26 сәуір мен 9 мамыр аралығында еліміздің халыққа қызмет көрсету орталықтары жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу саласындағы қызметтердің барлық түрін көрсетпейді, деп жазады sputnik.kz.
"Еліміздің халыққа қызмет көрсету орталықтары жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру, міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлікті тіркеу саласындағы қызметтің барлық түрін уақытша көрсетпейтінін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 2-9 мамыр аралығында eGov.kz арқылы нотариат, салық, банк жүйелері арқылы жылжымайтын мүлікті тіркеу және техникалық байқаудан өту үшін құжаттарды онлайн режимде қабылдау тоқтатылады.