Хаос жағдайында даму мүмкін емес - Мемлекет басшысы

0
494

Тоқаев саяси жаңғыруға негізделген бағыттың өзгертілмейтінін айтты.


Хаос жағдайында даму мүмкін емес - Мемлекет басшысы

Қазақстан халықаралық міндеттемелеріне және адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы әмбебап қағидаттарға бейілдігін сақтайды. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев твиттерде жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Қазақстан халықаралық міндеттемелеріне және адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы әмбебап қағидаттарға бейілдігін сақтайды. Біз саяси жаңғыруға негізделген бағытымызды ешқашан өзгертпейміз. Хаос жағдайында даму, тұрақтылықты сақтау және реформалар жасау мүмкін емес. Заң мен тәртіп – тұрақтылығымыздың негізі», - деді ҚР Президенті.