Хасан Қасымбаевқа сот үкімі шықты

0
136

Прокурор Хасан Қасымбаевты 15 жылға соттауды сұраған болатын.


Хасан Қасымбаевқа сот үкімі шықты

Ulysmedia.kz коллажы

ERNUR.KZ. Хасан Қасымбаевқа сот үкімі шықты, деп жазады ulysmedia.kz.

Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаев пен тағы бес фигурантқа сот үкімі шықты.

Сот үкімімен Хасан Қасымбаев 12 жылға сотталды.

Еске салайық, бұған дейін прокурор Хасан Қасымбаевты 15 жылға соттауды сұраған болатын.

«Хутор» бандасының серкесі делінген Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа 4 тамызда түсті.

Полиция дерегінше, Хасан Қасымбаевтың үстінен «адам ұрлау», «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» және «бопсалау» баптары бойынша іс қозғалған.