фото:e-history.kz.
ERNUR.KZ. Нұрбек Пұсырманов, Мемлекет тарихы институтының директоры: «Бұған дейін ел тарихын түгендейтін бес томдық жарық көргені белгілі. Қазіргі таңда сонымен қатар ұлттық сананы жаңғырту мақсатында тағы қазақ тарихының жеті томдығы жазылып жатыр. Әрине мұндай жұмыстар өз кезегінде ғылыми айналымға жаңа мәселелерді алып шығып отырғанын ашық айту керек. Нақты айтар болсақ, соңғы жылдары елімізде тарихи тақырыптарға кәсіби тарихшылармен қатар біліктілігі дәлелденбеген тұлғалар, блогерлер және әлеуметтік желі бетіндегі әуесқойлардың ағыла бастағанын көріп отырмыз. Бұл құбылыс қоғам арасында тарихи фактілердің бұрмалануына, негізсіз деректер мен ақпараттардың пайда болуына алып келіп отыр. Бүгінгі талқылау осы мәселелерге негізделіп отыр. Күн тәртібіне арнайы мәселені қойып, осындай қоғамда таралып жатқан сапасыз ақпараттар мен негізсіз контенттердің алдын алу үшін не істеу керек деген мәселеге кәсіби тарихшылар тарапынан жауап алу».