Қоғамдық орында онанизммен айналысқан Ақтау тұрғынына айыппұл салынды

0
294

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.


Қоғамдық орында онанизммен айналысқан Ақтау тұрғынына айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Тұрғын үй кешенінің подъезінде өз-өзінен қозып, жыныстық ләззатқа берілген (онанизммен айналысқан) ер адам сотқа тартылды, деп жазады Zakon.kz.



24 тамызда Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ер адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жабық сот мәжілісінде қаралды.

Сот отырысында ер адам өзінің кінәсін мойындап, іс-әрекетіне өкінетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ, оның кінәсі сот отырысында зерттелген куәнің жауаптарымен, іске тіркелген бейнежазбамен және басқа да істегі дәлелдемелермен өз дәлелін тапты.



Сот шешімімен ақтаулық ер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.