Министр Ақмола облысы əкімінің міндетін атқарушы Малғаждар Тəткеевке «Көкшетау қаласы Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы» екенін растайтын мүсінше табыстады.
ERNUR.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Рухани қазына – 2021» фестивалінің салтанатты ашылуы рəсімінде Көкшетау Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы атанғанын жариялады, деп жазады inbusiness.kz.
Министр Ақмола облысы əкімінің міндетін атқарушы Малғаждар Тəткеевке «Көкшетау қаласы Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы» екенін растайтын мүсінше табыстады.
«Биыл фестиваль тарихында алғаш рет бірқатар іс-шара көшпелі түрде Көкше өңірінде өтіп жатыр. Сонымен қатар ұйымдастырушылар комитетінің шешімімен алғаш рет «Қазақстанның мәдени астанасы» анықталды. Еліміздің алғашқы мəдени астанасы құрметіне Көкшетау қаласы ие болды. Енді келесі жылы мамырда еліміздің тағы бір қаласы осы мəртебеге ие болады»,- деді министр.
Осыдан кейін Ақтоты Райымқұлова Ақмола облысының 10 мәдениет қызметкерін мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күніне орай «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, «Құрмет грамотасы», «Алғыс хатпен» марапаттады.
Ашылу рәсімін кейін Ақмола облысының үздік өнерпаздары мерекелік концерт ұйымдастырып, өңірдің мәдениет саласындағы жетістіктері жайлы фильм көрсетілді.