Құтқарушылар ақауы бар паромнан 15 ересек адам мен 10 баланы эвакуациялады.
Фото: ҚР ТЖМ видеодан скрин
ERNUR.KZ. 17 мамыр күні Көкшетауда Қопа көлінің акваториясын патрульдеу кезінде құтқарушылар техникалық ақауы бар паромды байқаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Жолаушылары бар кеме жағалаудан 700 метр қашықтықта тұрған. Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дереу құтқару жұмыстарына кірісті.
Құтқарушылар 25 адамды, оның ішінде 10 баланы жағаға аман-есен жеткізді. Эвакуацияланғандарға медициналық көмек қажет болмаған.


