Қылмыс жасады деген күдікпен 19 және 20 жастағы үш студент анықталды.
Сурет: unsplash
ERNUR.KZ. Көкшетаудағы оқу орындарының бірінің үш студенті жергілікті колледждің оқушысын микрокредит алуға мәжбүрлеп, ақшаны өздері алған, деп жазады zakon.kz.
Оқиғаны Көкшетау полиция басқармасы қызметкерлері тіркеді.
"Қылмыс жасады деген күдікпен 19 және 20 жастағы үш студент анықталды. Олар 2006 жылы туған танысын 175 мың теңге көлемінде микрокредит алуға қорқытып мәжбүрлеген болуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, басқа да жәбірленушілердің бар-жоғын тексеріп жатыр. Белгілі болғандай, күдіктілер мен жәбірленуші әртүрлі оқу орындарында оқиды.