Молдантаева аса ірі мөлшерде бөтен мүлікті талан-таражға салды және иемденді деген күдікке ілінген.
ERNUR.KZ. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Сүлен Ілиясов қамауға алынғаннан кейін Көкшетау қаласындағы "Авиценна" медициналық мекемесінің директоры Жанар Молтантаева да қамауға алынды, деп жазады Stan.kz.
"Апелляциялық алқа бүгін Молдантаева мен Ілиясовқа қатысты сот шешімін қарап, өзгеріссіз қалдырды. Екі ай мерзімге күзетпен ұстау туралы шешім заңды күшіне енді", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Ілиясов та, Молдантаева да 1 сәуірде қамауға алынды.
Kokshetau Asia ақпарат агенттігінің деректері бойынша, Молдантаева аса ірі мөлшерде бөтен мүлікті талан-таражға салды және иемденді деген күдікке ілінген. Оған мүлкін тәркілеумен 12 жылға дейін сотталуы мүмкін. Оны тұтқындауға Бас прокуратураның тергеу-жедел тобы бастамашы болды.
Ілиясов қызметінен екі ай бұрын кетті. Ол Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына 2020 жылдың ақпан айында облыс әкімінің өкімімен тағайындалды.
Расталмаған мәліметтер бойынша, Ильясов мемлекеттік ауруханаларда жетіспейтін оттегі желдеткіштерін жеке медициналық ұйымдарға берді деп күдіктелуде.
Сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен салынған клиниканы коммерциялық құрылымдарға берді деп күдіктелуде.