Көкшетаудың сауда орталығында кішкентай баланы тоқ соқты

0
110

Мерекелік декорацияның ешқандай қоршауы да болмады.


Көкшетаудың сауда орталығында кішкентай баланы тоқ соқты

© Sputnik / Евгений Козырев

ERNUR.KZ. Көкшетаудағы сауда орталығында кішкентай баланы тоқ соқты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарады. Анасының айтуынша, 22 желтоқсанда кішкентай қызы Kokshetau Mall-дағы жаңа жылдық шыршаның жанында тұрған декорацияны ұстаған. Сол кезде баланы тоқ соққан.
Мерекелік декорацияның ешқандай қоршауы да болмады. Барлығы емін-еркін жүреді. Тоқ соққан баланың алақаны күйіп қалды.
Оны шұғыл облыстық балалар ауруханасына жатқызған. Дәрігерлер ем-дом жасады. Артынан күніне үш рет Цеф-3 салуға тура келді. Көкшетау қалалық полиция басқармасы барлық материалды жинап, төтенше жағдайлар басқармасына жіберген.
Ал сауда орталығының әкімшілігі ресми түсініктеме бермеді.