Көкшетаулық бойжеткен психотропты дәрілерді сатқаны үшін 7 жылға сотталды

0
124

Ол дәрі-дәрмектерді интернет-ресурстар арқылы үлкен партиялармен сатып алып, таныстарына саудалаған.


Көкшетаулық бойжеткен психотропты дәрілерді сатқаны үшін 7 жылға сотталды

Фото: kaztag.kz

ERNUR.KZ. Сотта 23 жастағы тұрғынның психобелсенді заттарды заңсыз сатқаны дәлелденді, деп жазады inbusiness.kz

Сот анықтағандай, 2024 жылдың күзінен бастап қыз заңсыз айналымы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын дәрілік заттарды сатумен айналысқан. Бұл тәуелділікті тудыратын және адам денсаулығына теріс әсер ететін дәрілер. Оларды тек дәріханаларда және дәрігердің рецепті бойынша ғана сатып алуға рұқсат.

Полицейлер тұрғылықты жерін тінту барысында дәрі-дәрмектерді, сондай-ақ оны заңсыз өткізу мәселелері талқыланған әлеуетті сатып алушылармен хат-хабарларды тауып, тәркіледі.

Сотта куәгерлер күдіктінің заңсыз әрекетінің мән-жайын растады. Анықталғандай, ол бұрын электронды темекі сатумен айналысқан, бірақ кейіннен дәрі-дәрмектерді сатуға көшкен.

Сот әйелді кінәлі деп тауып, орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп, 7 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады.

Сондай-ақ, сот емдеу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындады.