Ер адамның денесінде, мұрын маңында гематомалар болған және оң қасы жыртылып кеткен.
ERNUR.KZ. Көкшетауда дәмхана иесі клиентін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді, деп жазады Tengrinews.kz.
Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қылмыс 25 ақпанда Көкшетау қаласының ойын-сауық орындарының бірінде жасалған. Жедел жәрдем станциясының фельдшері полицияға 1987 жылы туған ер адам үйінде қайтыс болғанын хабарлаған. Ер адамның денесінде, мұрын маңында гематомалар болған және оң қасы жыртылып кеткен.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері дене жарақаттарын жергілікті кафелердің бірінде мекеме иесі келтіргенін анықтады", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомство ақпаратына сәйкес, аталған дерек бойынша ҚР ҚК 106-бабы, 3-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
"Сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстау шараларын қабылдады", - делінген хабарламада.