Полиция қызметкерлері жүргізушілерге сақ болуды ескертеді
ERNUR.KZ. Полиция қызметкерлері жүргізушілерге көлік дөңгелегін уақытымен ауыстыруға және жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұрайды, деп жазады Bag.kz.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағандыда жол-көлік оқиғалары күрт көбейіп кетті.
«13 қазан күні саған 09:00 мен 15 қазан күнінің сағат 09:00 аралығында қалалық ішкі істер органдарында 88 жол-көлік оқиғасы тіркелді», - делінген хабарламада.
Осыған байланысты полиция қызметкерлері жүргізушілердің көлік дөңгелегін уақытылы ауыстыруды және жол қозғалысы ережелерін сақтап жүруді сұрайды.