Көлігін 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынбайды - ішкі істер министрлігі

0
81

Вице-министр мәжіліс депутаттарының бірінен келген сауалға жауап берді.


Көлігін 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынбайды - ішкі істер министрлігі

фото: Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Автокөлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл жоқ, деп мәлімдеді ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха, деп жазады sputnik.kz.
Мәжілісте депутаттардың бірі машинаны жылытқаны үшін жазаға қатысты мәселені көтерді. Олар қазақстандықтарды шатастырмау үшін нормаларға түсініктеме беруді талап етті.
"Солтүстік аймақтарда қыста көлікті 5 минутта қыздыру мүмкін емес, қызбаған көлікті сындырамыз. Сынған көлікке ақша халықтың қалтасынан жұмсалады", - дейді депутат Нартай Сәрсенбаев.
Бұған жауап ретінде вице-министр Игорь Лепеха түсініктеме берді.
"Көлікті 5 минуттан арттық қыздырмау керек деген сөз жоқ. Бес минут туралы сөз тоқтау немесе автотұрақ туралы айтылды. Мысалы, мен бір жерге барсам, бес минуттан артық тұрсам, міне, сол мәселе туралы айтылды. Механикалық көлік құралдары елді мекендерде оталып тұрса, егер бұл тұрғындарға қолайсыздық туғызса, тоқтап тұруға тыйым салынады. Онда да тұрғындардан шағым түскен жағдайда шара қолданамыз. Яғни, жүк көліктері тұрғындарға қолайсыздық тудырса, балаларға кедергі келтірсе, шара қолданамыз. Өткен жылы осындай үш шағым түсті, олардың бірі прокуратура тарапынан жойылды", - дейді Лепеха.
Вице-министрдің айтуынша, қоғамда дақпырт тудырған бұл мәселе түймедейді түйедей етіп көрсету.
"Көлікті қыздырғаны үшін айыппұл салынбайды. Егер қазір автотұрақ 10-15 минут тұрса, көлік кептелісін тудырады. Әсіресе, сауда үйлерінде, магистраль бойында. Менің ойымша, бұл проблема ойдан шығарылған. Біз депутаттармен бұл мәселені қарастырып жатырмыз, кез келген ұсыныстан бас тартпаймыз", - дейді Лепеха.
Автокөлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл салу туралы хабарлама қоғамның наразылығын тудырды. Айта кетейік, тіпті Петропавл тұрғындары көліктерін қыздырған жүргізушілерді бейнекамераға түсіріп, жариялаумен болды.