Көлік капотында сүйісіп тұрған жастар полицияға жеткізілді (видео)

0
724

Видеоны көлік иесі түсіріп алған.


Көлік капотында сүйісіп тұрған жастар полицияға жеткізілді (видео)

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда жігіт пен қыздың көлік капотында сүйісіп тұрғаны түсірілген видео тарады, - деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл роликті көлік иесі түсірген болып шықты. Олардың бұл әрекеті көлік иесіне ұнамаған. Сондықтан ол полиция шақырған екен. Ал видеодағы қыз полиция шақыртқан адамнан кек алу үшін оның көлігінің терезесін соғып кеткен.

Қалалық полиция өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"16 қазанда полицияға тұрғыннан "Алматы" бизнес-орталығы маңындағы Иманов көшесінің бойында жастар бөтен қылық көрсетіп, көліктің капотына сүйеніп тұрғаны туралы қоңырау түсті. Полиция оқиға орнына барды. Бұл жағдай расталды. Іс жүргізу үшін жастар учаскелік полиция пунктіне жеткізілді. 30 жастағы ер адам мен оның 26 жастағы құрбысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді полициядағылар.