Көлік жүргізушілері үшін жаңа қызмет іске қосылды

0
231

Бүгінде жүргізуші куәлігін электронды түрде ауыстыруға болатынын да еске салды.


Көлік жүргізушілері үшін жаңа қызмет іске қосылды

фото: Sputnik / Игорь Зарембо

ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев көлік жүргізушілері үшін жаңа қызметтің іске қосылғанын мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Үкіметтің бүгінгі отырысында мемлекеттік қызметтерді дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Сол кезде министр жаңа қызметтің іске қосылғанын жариялады.
"Бүгіннен бастап тағы бір цифрлық мүмкіндік іске қосылды. Көлік иелеріне хабарлама жіберу сервисі: егер сіз ашық тереземен қалған немесе өтуге кедергі келтіріп тұрған көлікті байқасаңыз, мемлекеттік нөмірді теріп, жағдайды таңдасаңыз жеткілікті. Көлік иесіне анонимді хабарлама жіберіледі. Бұл сервис өзара көмектесу мен азаматтық жауапкершіліктің құралына айналады деп сенеміз", - деді Мәдиев.
Осы орайда министр жүргізуші куәлігін электронды түрде ауыстыруға болатынын да еске салды. Бұл қызметті 7 мыңнан астам қазақстандық пайдаланып үлгерді.