Колледжге кеткеннен кейін оралмаған: Ақтауда 15 жастағы қыз бес күннен бері іздестіріліп жатыр

0
93

Осы уақытқа дейін қыздың қайда екені белгісіз.


Колледжге кеткеннен кейін оралмаған: Ақтауда 15 жастағы қыз бес күннен бері іздестіріліп жатыр

Фото: Волонтерлер ұсынған фото

ERNUR.KZ. Ақтау қаласының маңында 15 жастағы Нұрсая Құралбаеваны бес күннен бері іздеп жатыр. Қыз бала колледжге кеткеннен кейін қайта оралмаған, деп жазады inbusiness.kz.

Волонтерлердің мәліметінше, Нұрсая Құралбаева Мұнайлы ауданындағы Бiрлiк көшесінде орналасқан жеке үйде тұрады. Ол 15 қазан күні таңғы сағат 08:00 шамасында Ақтаудағы политехникалық колледжге оқуға кеткен.

Жоғалған қыздың белгілері: орта денелі, ұзын қара шашты, бойы шамамен 165-170 сантиметр. Үстінде қара желет, қара шалбар және ақ жолақтары бар қара кроссовка болған.

Нұрсая туралы қандай да бір ақпаратты білетін адамдардан +7 (700) 911-72-92 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз.