Түбіртек барлық төлемдерді жинақтауға арналған.
фото: Региональная служба коммуникаций Алматинской области
ERNUR.KZ. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі былтырғы жылдың қараша айынан бастап барлық коммуналдық қызметке бірыңғай түбіртек енгізу бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде, деп жазады sputnik.kz.
Түбіртек барлық төлемдерді жинақтауға арналған. Төлем жасайтын азаматтарға ыңғайлы болу үшін барлық ақпарат бір түбіртекте жинақталатын болады.
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова хабарлағандай, бұл жүйені қалаларда ғана емес, аудан орталықтары мен ауылдарда да қолжетімді етуге назар аударлып жатыр.
"Облыс әкімдіктері жұмысқа кірісіп кетті, бірқатар елді мекенде тұрғындар цифрлық түбіртек ала алады. Біз азаматтарымыз үшін процесті кеңейтуді және жеңілдетуді жалғастырамыз", – деді Жәннат Дүбірова.
Бір түбіртек екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн режимде беріледі және оны оңай төлеуге болады. Сұраныс бойынша қағаз нұсқасы да қол жетімді.