Конституцияға өзгеріс енгізілетіндіктен мұндай сайлау соңғы рет өтіп жатыр - ҚР Президенті

0
454

​Алдағы уақытта Конституцияға өзгеріс енгізілетіндіктен мұндай форматтағы сайлау соңғы рет өтіп жатыр, деді бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.


Конституцияға өзгеріс енгізілетіндіктен мұндай сайлау соңғы рет өтіп жатыр - ҚР Президенті

ERNUR.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ сессиясы аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына ҚХА атынан ұсынылатын депутатты сайлауда дауыс бергеннен кейін, депутаттыққа үміткерлердің сенімді өкілдерімен кездесуінде айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бірақ біздің Парламентте Қазақстан халқы Ассамблеясының тиісті орындары сақталады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Конституцияға өзгертулер енгізуді ұсынған болатын. Осы ретте ҚХА квотасы Мәжілістен Сенатқа ауыстырылып, депутаттар саны 9-дан 5-ке дейін қысқарады.