Көпқабатты үйдің шатырында қауіпті трюкті орындаған оқушы қазақстандықтарды шошытты

0
574

Видеоны баланың достары түсірген.


Көпқабатты үйдің шатырында қауіпті трюкті орындаған оқушы қазақстандықтарды шошытты

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде баланың Ақтаудағы көп қабатты үйдің шатырының шетінде акробатикалық трюк жасағаны түсірілген видео таралып жатыр. Қолданушылар балалардың қауіпті ойынын сынға алды, деп жазады stan.kz.

Видеоны баланың достары түсірген. Роликтің "басты кейіпкері" көпқабатты үйдің шатырының шетінде тұрып, "артқа сальто" жасаған.

"Демек, күзет те болмаған, жаппаған да. Қызық, ал ата-анасы осы видеоны көрген бе?", - деп жазды желі қолданушылары.

Маңғыстау облысының полициясы видео жарияланымға түсініктеме берді. Баланың жеке басын ювеналды қызметкерлер анықтады. Қауіпті трюкты жасаған және оны видеоға түсірген балалар бесінші сынып оқушылары болып шықты.

Ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы (кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және (немесе) білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Іс материалдары кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберіледі, ал ата-анасымен профилактикалық әңгіме өткізілді.